21.09.2022
  157


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Үш жұрт түгілі үш жүздің де ендігі...

Үш жұрт түгілі үш жүздің де ендігі
Салмақ болса кедейлігі, кемдігі,
Көтере алсаң ол да сенің үлесің
Артсын десең намысты елдң елдігі.
Туыс етсе аталастың барлығын,
Кедергі деп көпсінгенің – тарлығың.
Намысыңмен жүрегіңе құндақта
Туыстырған тәңірдің бұл жарлығын.
Руың – бабаң,
тайпа – тарих белгісі,
Болмас жүзге бөлудің де енді ісі.
Қандай жолмен тұтасса да көнесің
Қазақ деген ұлт шыққасын – бергісі.
Тарих десек – қасіретті толғайды,
Сабырыңды намыс жықса – сол қайғы.
Жыға алмаса сен көндіккен тұтастық
Ұрпағыңды қиянаттан қорғайды.





Пікір жазу