21.09.2022
  116


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Аударылған трамвай. 1986 жыл.

Келiп жатты жаңа алаңға алқынып
Ұлтым деген Алматының халқы нық.
Қозғалысын тоқтап қалған көлiктiң
Күттi көбi тағаттары сарқылып.
Желтоқсанның желi бүрiп аумақты
Қоғамды да, адамды да жауратты.
Ойда-жоқта қызу қанды қырандар
Мiнгiзбеген трамвайды аунатты.
«Ленин жолы жасасын!» деп ұрандай,
Көзсiз ағым құлап жатса бұраңдай,
Темiр жолдан басқа жолды сезбейтiн
Дәл осылай осылай аунап түстi трамвай.
Алапаттан темiр жол да үзiлдi,
Нала таққан темiр тәртiп бұзылды.
Қызарақтап қызыл көлiк, қызыл ту,
Қыран-намыс бүрдi осылай «қызылды»...





Пікір жазу