21.09.2022
  189


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Желтоқсанды бағала!

Тұяғынан шаң емес, азап ұшқан
Қазақ едік шындық деп қаза құшқан.
Коммунистік жүйені ғаламда алғаш
Төңкерген де дәл осы Қазақстан.
Бұл ерлікті ғаламға танытпадық,
Желтоқсанды бағалап жарытпадық.
Шарықтаудың биігі осы екен деп,
Көгінде әлі құлдықтың қалықтадық.
Ойсыратып рухымды қатаң құлдық,
Мәңгүрттікке сананы отан қылдық.


Ерлегенді жәбірлеп,
Желтоқсанды
«Жерлегенді» қаһарман атандырдық.
Өзін қиып,
Өзгеге бақ таратқан
Ерім қайда намыстан оқ боратқан?
Қызыл тонын кешегі теріс киіп,
Жарамсақтар сөйледі ақпараттан.
Рухымызды қорлаған алып қайғы
Ерлігімді өзіме дарытпайды.
Өзімді өзім қорықсам бағалауға
Ғалам бізді бағалап жарытпайды...





Пікір жазу