21.09.2022
  140


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Азаттық жалауын желбірет!

Өктемдік өршітіп тепкіні,
Тарихтың булығып жетті үні.
Қаһарлы сайыста қайыспа,
Қазақтың өр қызы, текті ұлы!
Қорықпай сұрқия соққыдан
Алаңға жақындат топты, ұлан!
Озбырлық ордасын күйретсін
Намыстан жаралған от қыран!
Тарихтың тоңы бір селдіреп,
Жер-ана бусансын елжіреп,
Желтоқсан,
Ғаламға жол ашып,
Азаттық жалауын желбірет!





Пікір жазу