21.09.2022
  76


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Мұхтардың Құнанбайы

Мүлгiп жатқан мазасыз тасты аядым,
Тас түбiнен бұрқ еттi тастай ағын.
Неге түрттiк тылсымды? –
Ала топан...
Ойым зорға балдақпен басты аяғын.
Маңғаз ғалам кеудеме көсiлiптi,
Өктемдiктен басқа оның несi мықты?
Жарты ашуын жарым ес жаратылыс
Құнанбайдың көзiне көшiрiптi.
Жаһнамға жазмышты жұлқып атқан,
Миығында мыжылып күлкi қатқан,
Тiстеп тұрған тылсымды жалғыз көзi
Құнанбай – түн...
Тарихтың бұлты батқан. –
Маған солай дегiздi дана Мұхтар –
Сыбайды әлi бiр-бiрiн сан алыптар.
Тiрлiк, бiрақ, күнәсыз...
Күнәһар қып
Жаратушы фәниде шалалық бар.



1995 жыл.





Пікір жазу