20.09.2022
249

Әйел
Сезiктенбе түршiгiп –
Сиқыры көп сынақтарға тұншығып
Өтетұғын әйел – жұмбақ құлшылық.
Бақидағы еркектiң де күнi осы,
Әйел, еркек – ауыспалы тiршiлiк.
Әйел жаны – ұлы ұрпақтың базары,
Әрi ажары,
Мазағы мен азабы,
Ер – фәнидiң еркiн ұшқан тозағы,
Ал, бақидың әйелге тән тозағы.