20.09.2022
156
Санада арман етiп сайран назын....
Санада арман етiп сайран назын,
Өтiп-ақ кеткенi ме жайраң жазым.
Төбемнен шырқ айналып, кете алмай жүр,
Ұшырған көңiлiмнен қайран қазым.
Болды да көзден ғайып бұрынғы шақ,
Жұлдыздың сəулесiндей құбылды сəт.
Құлазып қала бердi көңiл шiркiн,
Айрылған енесiнен құлынға ұқсап.
Япыр-ау, қайтсем екен бұл құлынды?
Еңкейiп, екiндiге Күн бұрылды.
Жалындай құлыншақтың желкiлдеген,
Есiме түсiргенi-ай бiр бұрымды..