20.09.2022
  141


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ӨМIР

От пен судың ортасында тұр өмiр..
Шөл мен селдiң қан майданы – мiне, бұл!
Бiрi ысқыра, бiрi ышқына кеп қалды,
Жанын қояр жер таппады жалғыз гүл.
Гүлдiң аты Өмiр едi, түрi пəс.
Басталды да кеттi жойқын ұлы айқас.
Селдi жұтты... Шөлдi жықты... Ақыры,
Екi дүлей жалғыз гүлге ұрды бас.
От пен судың ортасында тұр Өмiр...
Екеуiнен нəр жинайды гүл-өңiр.
Өзiңдi егер осы Гүлге ұқсатсаң,
От пен судың амандығын тiлеп жүр.





Пікір жазу