20.09.2022
  135


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТЕҢIЗДI ҚҰТҚАРУШЫ МЫРЗАЛАРҒА БIР ДАТ

Адриат теңiзiн
Суға толтырамын деп ең.
Ар-ұят теңiзiн
Құтқармақсың немен?
Неткен жомарт лебiз!
Па, шiркiн!
Сөзiңе əбден тойдым.
Толмады бiрақ теңiз,
Оны өзiң жұтып қойдың.
Толар едi-ау Адриат..
Көп түкiрсе көл ғой.
Өзiңде жоқ ар-ұят,
Бетiңдi қайтем көндей.
Сен менiң уайымым болдың ғой,
Пай-пай, жампоз пырақ!
Бiрдеме етермiз-ау теңiздi,
Сен толармысың, бiрақ?..





Пікір жазу