20.09.2022
136
Сөнген сəуле секiлдi – өшкен сөздер...
Сөнген сəуле секiлдi – өшкен сөздер...
Өшкен сөздер – бастан бiр көшкен кездер.
Бiр көшкендi, бəрiбiр, көрмек емес,
Қиял бұлтын бұрғылап тескен көздер.
Бiр көшкендi көрмейсiң, көздi сақта,
Барды аяла оданда, сөздi сатпа.
Көз – көңiлдiң, сөз – жанның көркi емес пе,
Оны сатсаң, орның бар бiр тозақта..