20.09.2022
  137


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҮНДЕМЕ!!!

Күшенгеннен пайда жоқ,
Күштiлердi күндеме.
Көзiңдi, əсте, алайтып,
Бұл антұрған кiм деме.
Иттерi кеп таласа,
Қол көтерiп, тiлдеме.
Ол өзiңдi сабаса,
Сен жатып шық түрмеге.
Алдына мал қоралап,
Күзетiн ал iргеде.
Жалаңаш жүр, оны орап
Үлде менен бүлдеге.
Тойға барса – топтан шық,
Суға батса – бiр кеме..
Тек, тiстенбе, астамсып,
Есiрдi деп бұл неге.
Тоқетерi – бүлдiргiң
Келмесе егер бiрдеме:
Миың болса басыңда,
Миғұла бол,
Үндеме!!!





Пікір жазу