20.09.2022
104
Мен үйреткен асау тай
Мен үйреткен асау тай
Ең соңғы рет жылатып,
Жөнеп бердi бiр күнi
Қыл шылбырын шұбатып.
Сол асау тай секiлдi
Бiздiң албырт балалық.
Бiр кеткен соң, ол ендi
Қайта келмес оралып.
Сағыныштың буымен
Шымырлатып жүректi,
Жатырқамай қуып ем
Жанса сөнбес бiр отты.
Орнамай ма кеудеңе
Арман болып жұбатып,
Ойда жоқта қолыңнан
Шығып кеткен уақыт.
Қымбатындай көңiлдiң –
Өткен күннiң көбi есте.
Қимайтының –
Өмiрдiң
Осы арманы емес пе!