20.09.2022
125
ТОП ҚАРАҒАН
Аққан судай уақыт-ай, тоқтамаған..
Бiлгiң келсе, мен бiр жан жоқ қараған.
Осы жерде екеумiз қоштасып ек,
Iлiкпей тұр көзiме топ қараған.
Қайда бүгiн сол жылдар отқа ораған?
Уақыт қалай қимасты көп тонаған!
Бiздiң жүрек – тағдырдың қойторысы,
Бiрақ келiп шыққаны-ай ат қорадан!
Топ қараған! Қай шебер ноқталаған?
Ендi асаулық, япыр-ау, жоқ па маған?!
Текiректеп желмеске шараң қайсы,
Тегеурiндi темiр қол қақпалаған..