20.09.2022
  195


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Өттi бiздiң жастық шақ, өшкен өрттей!

Өттi бiздiң жастық шақ, өшкен өрттей!
Ендiгi өмiр – кемпiрге берген серттей.
Соның ғана көңiлiн аулау қалды,
Жеңгесiне телiнген тас түлектей.
Тағдырың сол болған соң, күйiн шертпей,
Тастап оны көршi ендi, қасыңа ертпей.
Сағыныш пен өкiнiш – бəрi бiр у,
Өткен өмiр – жазылмас ол бiр дерт қой.
Сəбисiң ғой, болғанмен басың қырау,
Кiмдi даттап, кiмдi ақтар ғасыр-жырау.
... Таңғы аспандай тəкаппар қайран көңiл,
Өшкен өрттiң орнындай басылдың-ау!





Пікір жазу