20.09.2022
251
ОН ҮШ ПЕН ОН СЕГIЗДIҢ ОРТАСЫНДА
Он үш пен он сегiздiң ортасында
Өткелсiз өзен жатыр, қорқасың ба?
Мен сенi қарсы беттен көрген бойда,
Көз жұмып қойып кеттiм жорта суға.
Сол өзен ендi қайда? Сарыны өшкен.
Орнында кейуана отыр сағым ескен.
Арқамды опырайған жарға сүйеп,
Сағыныш буын жұттым сары меспен.
Өзен жоқ, Сенi сағым көлгейледi.
Сарғайып жерде жатты жел көйлегi.
Жұртындай өткен күннiң тек жүрек сау..
Мен қалай ұмытармын сол бейненi?!