20.09.2022
159
Ханға имес басымды
Ханға имес басымды
Қалтаңдатты-ау бiр жала.
Күлкiм күлге шашылды,
Жүрегiмде мың жара.
Жала қапқан мен де бiр –
Ит талаған сен де бiр.
Таудай асқақ зор көңiл –
Құлазыған ендi өңiр.
Жазған болса маңдайға,
Көрiп алар басқасын.
Бұл пендесiн құдайым
Улы сөзден сақтасын.