20.09.2022
115
Кедiр-бұдыр кəрi қабық!
Кедiр-бұдыр кəрi қабық!
Сусылдаған жас, сұлу –
Жапырақтарға сұқтанба.
Тұр, əне, олар арбалып,
Өздерiндей пəк, ару,
Жалт-жұлт еткен шықтарға.
Сол шықтардың нəрiнен
Қуат алып бойына,
Жас жапырақ құлпырмақ.
Самал желдiң лебiнен
Желiк кiрiп ойына,
Бiр жақтарға ұмтылмақ...
Қайда асықты, ненi аңсап?
Оны бүгiн ұға алмас.
Бiлген кезде – кеш ертең.
Тiрiге арман – келер шақ,
Оған жетпей тұра алмас,
Жаңа тiлек жас өркен.
Асықпауға орын жоқ:
Тiрi жанның тағдыры –
Талпыну мен алқыну.
От та өшер жалын боп,
Арман деген – жан мұңы:
Алды сағым, арты бу..
Қатпар-қатпар қара қабық!
Жас жапырақ сен емес!
Бүгiн оның тойы бар.
Сұғанақ ой сұрқия-ау,
Итке темiр тең емес,
Соны бiр сəт ойыңа ал.