20.09.2022
128
ТӨС ҚАЛТА
Менiң бiр сомдық төс қалтам
Кiмдердiң алдында айыпты –
Олардың ақшаларының иiсi шығып,
Шiрiп жатқаны үшiн.
Менiң iшектерiме жабысқан тас талқан
Кiмдердiң дастарқанын байытты –
Бiреулердiң аузынан жырып iшiп,
Жандарын бақпағы үшiн.
Ақшасы шiрiген паңдардан
Мен кешiрiм сұраймын –
Қолма-қол емес есеп айырысу арқылы
Тағы миллион сом айып төлеп.
Иманы жоқ жандардан
Рақымын күтiп құдайдың,
Аттарын əнге қосып айтам əр күнi,
Кеткенше табандары тайып кенет.
Осы – менiң тiрлiгiм.
Құныкерлерше күн кешiп,
Күнəмды мойныма артамын –
Майды семiртiп, арамды байытқаным үшiн.
Сөйтiп, ең соңғы бiр күнi
Шайтанның артына мiнгесiп,
Тозаққа қарай тура жол тартамын –
Құдайдың алдындағы айыптарым үшiн