20.09.2022
  119


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Жар салып тұр колхида...

Жар салып тұр колхида:
«Халқым үшiн жан пида!»
Пай-пай, шiркiн, сабазың
Қалай-қалай шалқиды, ə?
Шалқымаса, о несi:
Көкке жетiп төбесi,
Көлденеңдеп қақ төрге
Жатып алған дөң осы.
Шалқымаса, о несi:
Жел гулетiп өңешi,
Қалт-құлт еткен қайықты
Қағып өткен кеме осы.
Əбжыландай ысқырып,
Көк қашырдай қышқырып,
Қорқақ пенен шорқақты
Бұттарына тыштырып,
Қырдағыны жапырып,
Ойдағыны сапырып,
Тырбыңдаған тобырға
Күндiк жерден ақырып,
Жолын жайпап таптаған,
Бұзып-жарып тоқтаған,
Қайран бiздiң колхида,
Көптiң мұңын жоқтаған...





Пікір жазу