20.09.2022
129
Тар қақпандай тас жұдырық бекулi..
Тар қақпандай тас жұдырық бекулi..
Тасты құшып, тарғыл сəуле секiрдi.
Гүлден гүлге ұшып-қонған көбелек
Сол сəуленiң тағдырласы секiлдi.
Маңдайыңның тайқысы бар, байғұс-ау,
Бақыт бейқам, жолында тұр тар құрсау.
Ит қаппайтын iшкiш бiреу секiлдi
Қашан көрсең қақшаң қаққан қайғы сау.
Тасқа тиiп, күлпарша боп, ал, сындың,
Ұшты желге жарықшағы даусыңның.
Қағаздай-ақ қауқарың бар қарағым,
Лап еттiң де, лаулап барып таусылдың.
Бұл жалғанды опасыз де, сараң де..
Тағдырыңа қылар хайла, шараң не?
Мақтанғанда бiр май шамдай шамаң бар..
Бiр жанған соң өшпей ме екен шам, əлде?
Сен де тындың, құздан ұшқан аңшыдай.
Өттi дəурен – ұзын сапты қамшыдай.
Қандай бұлттың шалғайынан шығарсың,
Жебедей боп жерге сiңген тамшым-ай!