20.09.2022
  174


Автор: Ғұсман Жандыбаев

МАХАББАТ ПЕРЗЕНТI

Суыртпақтың жiбiндей,
Суси бердi жылдарым.
Шынымен-ақ бiлiнбей,
Тозғаны ма бұл жаным.
Менiң май шам болмағым
Керек пе едi, қаршығам.
Осы едi ғой жанғаным,
Қалайша тез таусылам.
Таусылмасқа шараң не,
Тұтанған соң бiлтең бiр.
Сондай қымбат əлемге –
Күн шырақты күркең бұл.
Оттан шыққан алауға
Қосқан əннiң аты – Ардақ.
Сондай қымбат адамға –
Күннен туған махаббат.
Алу менен қосудың
Махаббаты – төрт амал.
Жану менен өшудiң
Ортасында – өмiр бар.





Пікір жазу