20.09.2022
184
Ақын назы
(Мұқағали ескерткiшi ашылғанда)
Пейiлiммен тойдырған аш ғұмырды
Мен тiрi едiм,
жоғалттым жастығымды.
Орнатты да өтiрiк тас тұғырды
Жаратылыс көзiне жас тығылды.
Мың тiрiлiп,
Басты мың шайқап өлдiм.
Арызыңды, ақырет, айта бергiн!
Үрейленбе, дүние,
тас та болсам
Тағдырыңды қақ бөлiп қайта келдiм.
Намысыңа тисе де ерсi екенiм,
Тасты аяма, табиғат берсе тегiн.
Кереңдерге мәңгiлiк ендi осылай
Үнсiздiктiң өнерiн көрсетемiн.
Бәлкiм, тастың қадiрiн сараптар күн
болса,
көнем iсiне жаратқанның.
Тас көзiмдей мазмұнсыз өлi көздер,
Көз тиер деп қорықпай қарап қалғын!...