20.09.2022
  116


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Құрмалас сөйлемдер

1. Ғажабы болып бiр күннiң,
Назары болып сүргiннiң,
Базары болып қырғынның,
Ажары болып құрдымның,
Моласы болып арманның,
Сорасы болып сорғанның,
Таласы болып талғамның,
Жаласы болып жалғанның,
Аңғалы болып албырттың,
Салмағы болып салғырттың,
Қан бетi болып қан құрттың,
«Мәмбетi» болып мәңгүрттiң,
Кергiшi болып желкеннiң,
Сенгiшi болып ертеңнiң,
Шерлiсi болып ерке елдiң,
Белгiсi болып «өртеңнiң»,
Қиқымы болып кей тәннiң,
Титығы болып бейқамның,
Сиқыры болып сойқанның,
Сүйкiмi болып сайтанның,
Санамды қайрап сұраққа,
Ғаламды байлап жұмаққа,
Сүйкенiп керең мұратқа
Итерiп келем жыраққа.





Пікір жазу