20.09.2022
  98


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚАРАРЖАУҒАН

Көктен де қаулы жаудырған,
Жерден де қаулы саудырған,
Бақаға жем шаштырып,
Балықсыз көлге ау құрған –
Мына заман қай заман?
Қаулыны жиып дəу қылған,
Одан да биiк тау қылған,
Кезегi келген кезiнде,
Қаулының аузын қаулы ұрған –
Бөстекi сөзге бай заман.
Сөз үстiнен бу ұшқан,
Iс астынан су шыққан,
Отыз жалқау, он бес қу –
əр ауылдан бұл шыққан,
Заманым гүл-гүл жайнаған.
Жатып iшiп, төс қақты,
Алдап жеген ас тəттi.
Пайдадан қылшық суырып,
Қасқа ат еткен басқа атты –
Қызу айла қайнаған.
Жауабы жоқ сауалға
Шақша басың толар ма.
Күн бұлттанып келедi,
Тағы қаулы жауар ма...
Дүңк-дүңк... күңк-күңк... – айналаң.
Жауса жаусын дəу қарар,
Қаулының басын қаулы алар.
Көктем шығып қалды ғой,
Алда арайлы жаз да бар..
... Қаулы сатып ал жаймадан.





Пікір жазу