meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.09.2022
  161


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Кəрi теректiң басынан

Кəрi теректiң басынан
сарғайған жапырақтар
құлап түсiп жатыр
жерге.
Ақ арақ сасыған
ұрандар дауылы
өршелене ышқынды
өрге.
Алмас қылыш секiлдi
найзағайлар жарқ та жұрқ –
ашуындай халықтың
бейне.
Қара бұлттар нөпiрi
қалың қолдай тұтасып,
қаптаған селдей лықсиды
кейде.
Сол бұлттардың көз жасы –
снаряд тамшылар
тырс-тырс... гүрс-гүрс жарылды
көлге.
Тамшы – теңiз анасы,
ұшы-қиырсыз ақ нөсер
алып кеттi жер-көктi
демде.
Орындалмаған қаулылардай
қалт-құлт еткен жапырақтарынан
бiр-ақ күнде айырылып,
дөңде,
Пұшайман боп тұр таз терек
ұяттан жүзi өртенiп,
қарайтын бет жоқ
елге.
Ендi не болар екен?!..





Пікір жазу