20.09.2022
  144


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ызалы қандастарым

Тарихқа тұтқын, тағдырлас ызалы қандастарым,
Қарадай үркiп ғарыштан құлазығанда аспаның
Қырсықта қырық жан барда сiрә жыға алмас та әлiң,
Шындық та бiрге құлқынға құрады малдастарын.
Құтқара қоймас сұмдықтың сұрағынан қашқаның,
Пәниді бөлмес бақидан ұзарып алдаспаның...
Қиямет жазып жатса да қырағылар дастанын
Пәнидің заңы өзінен сызады алжасқанын,
Намысқа күйсiн соңғы рух, қыз әлi қандастарым! –
Десем де,
Сиреп кеттіңдер ызалы қандастарым...





Пікір жазу