20.09.2022
  99


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Зардабын iшiп тағы да жырдың...

Зардабын iшiп тағы да жырдың
Жындыны тауып табына күлдiм.
Көбейдi жынды дәрiлеп өзiн,
Көбейiп кеткем – бәрi де өзiм.
Табытқа кiрдiм өзiмнен қашып,
Жылайды тiрлiк көзiмнен қашық.
Өлi қиялдан тiрiлiп алған
Тiрлiкке тартты ұрынып арман.
Менi ендi күтiп зарықпа, Көктем! –


Келмеспiн...
Жарыққа қарап жанып та кеткем,
Сөнбеспiн.
Үмiтке ұры қалықтап өткен
сенбеспiн.
Мiнiмдi бiлмес,
Мұңымды бiлмес,
Жырымды бiлмес
ендi ешкiм.



1989 жыл.





Пікір жазу