20.09.2022
  78


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Аппақ теңiз гүлiнше

Аппақ теңiз гүлiнше
Əсем мойнын иiлтiп,
Көлде керiле жүзiп аққу жүр –
Сұлулықтың суретi,
Еркесiндей əлемнiң
Əр қимылы əнге тең.
Сол аяулы аққуды,
Сол нəзiк ақ гүлдi
Бөрене-көздерiмен бастырып,
Белiн үзе жаншуға
Добал қара диюдың
дəтi қайтiп барды екен?
Перiштедей күнiм-ау,
Сол диюдың табаны
Сенi таптап кете ме деп,
Ес-ақыл жоқ менде бұл,
Жүрегiме бiржола
Қоныс теуiп алмасаң.
Тоңқылдаған томырық,
Тоқпақ басты топастың
Тепкiсiнде қор болған жас балдыр,
Халiң мүшкiл ертеңгi –
Қылар соңғы хайлаңды
Бүгiн ойлап қалмасаң!..





Пікір жазу