20.09.2022
141
Тағдырымнан ұрланып дара тыныс...
Тағдырымнан ұрланып дара тыныс,
Жата алмады жұтпаса нала тыныш.
Тұғырларды қиялмен теңшесем де
Сатылауын қоймады жаратылыс.
Ішті жеген көп сырқат, қалың азап –
Ол да пәни сыйлаған кәрі мазақ.
Өз қанымды түкіртпей жұтқызады
Босқын, ұры ұйқылар жаныма жат...