20.09.2022
122
Тас қабақ Əлем мына Түнередi.
Тас қабақ Əлем мына
Түнередi.
Жəутеңкөз жанарыма
Күн ередi.
Түнерген суық жарға
не iстей алам?
Күн ерген қабақтардан
Жылу табам.
Қарсы отыр Ақ пен Қара –
Бiр күймеде.
Түнек пен Күншуақ бар –
Бұл дүниеде.
Екеуi аңдысқалы
Қанша заман.
Бұл əлем тайталассыз
Қалса жаман.
Жiбiтiп жердiң тоңын
Тұр шыбық-тал.
Түнектi Шуақ жеңсе –
Тiршiлiк бар.
Сыйлайды Əлем-анам
Нұрын маған.
Сол нұрмен жазылсайшы
Менiң жарам.