![](/uploads/shorttexts/author_image/g-sman.jpg)
Бүгiн күн бұлыңғыр. Тым тұнжыр.
Бүгiн күн бұлыңғыр. Тым тұнжыр.
Менiң де жан дүнием дəл сондай.
Жылбысқы қар жауып тұр сылбыр..
Сол қардай мен де ерiп жаусам ба-ай.
Жер тұман. Жол бұраң. Алдыдан
Не шыға келерi белгiсiз.
Мен де бiр жетiм лақ қаңғыған,
Кеудемнiң iшiне толды сыз.
Сол сыздың ызғарлы табынан
Ызғырық соғады аңырап.
Бос қалған көңiлдi не ғылам –
Ескi бiр қорадай қаңырап.
Жетiмде ес бар ма, қауыз боп
Қалғанын бiлмеймiн дəнiм ақ.
Жаныма жылу мен нəр iздеп,
Келемiн зар қағып, маңырап.
Шырылдап шыққан бұл жан даусым
Кiмнiң құлағына жетпекшi.
Менi ме?.. Қайырымды қорғаушым
Алдымен өзi жем етпекшi.
Дəл соның өзiнен, зыр қағып,
Мен қашып келемiн Қайрошша.
Алдымда не күтiп тұр бағып?..
Бұл тағдыр құтқармас Құдай қосса.
Бүгiн күн бұлыңғыр. Дəл менiң
Көңiлiмдей, тым күңгiрт төңiрек.
Жан демiм бiткендей халдемiн..
Жылағым келедi еңiреп.
Еңiреп жыласам – бұл шерiм
Тарқар ма, бiлмеймiн. Күнде – ойым.
Жылтырап қалыпты-ау сөнбеген бiр шоғым..
А, Құдай! Соны ендi үрлейiн.