20.09.2022
  114


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Мен кiмнiң құзырына телмiрмедiм...

Мен кiмнiң құзырына телмiрмедiм,
Төбе-екем қайыстырды төрдiң белiн.
Кiнəмдi алдыңдағы жуа алмаспын,
Еңкейiп өткен менiң өр күндерiм.
Мəрт жанды əркiмге бiр малай еткен
Заманның ойы зiлдi, қалай өктем.
Кектiнiң бас-аяғы бiр мен емес,
Тағдырмен тайталасып талай өткен.
Бұл тағдыр – асау екен, создым жүген,
Тарпаңдық, шалттығына төздiм кiлең.
... Мен де бiр көп қайралған қайқы қылыш,
Жұқарып, жiңiшкерiп, тоздым, бiлем..





Пікір жазу