20.09.2022
108
![](/uploads/shorttexts/author_image/g-sman.jpg)
Қойдым. Тойдым. Күдер үздiм. Түңiлдiм.
Қойдым. Тойдым. Күдер үздiм. Түңiлдiм.
Бiлсем еттi, шикi екенiн түбiңнiң.
Кеңдiгiмдi саған сыйлап, ал өзiм
Бiр бидайдың қауызына тығылдым.
Көктi сүйген таудай едi, о күнiм,
Аққу-қазды көлдей едi, өмiрiм.
Тау тоналды. Көл жоғалды. Орнында
Қалды менiң көшкен жұрттай көңiлiм.
Жоқ арманның, елесiндей толқыған –
Тоналғанның орнын немен толтырам?
Көл суалды. Тауым менiң шағылды.
Осы – құдай, кешiрмейтiн зор күнəм.