20.09.2022
118
Бейшара пенде – жазмыштың құлы....
Бейшара пенде – жазмыштың құлы,
Бiлмеймiн мен де, ажалым неден.
Сезедi, əттең, жүрегiм мұны,
Қарабас жылан, қорқамын сенен.
Қорқамын сенен, қарабас жылан,
Қай күнi келiп шағасың менi.
Қанаты сынған құсалы қыран
Жолыңда сенiң жатпаса едi.
Күнтəждi ханды мұзтəждi шыңда
Қарақұрт қалай шақты екен, Алла-ай!
Орансам отқа, бөленсем суға,
Аңдыған дұшпан тынар ма алмай.
Адамның басы – Алланың добы,
Тəңiрдiң сыйы – тағдырың тəлкек.
Мен келе жатқан арбаның жолы
Жыланның iзiн баспай ма, əнтек...
Жүрсiң бе торып, жолымды бөгеп,
Қарабас жылан, мен сенен қашам.
Күтпеймiн сенi, бiлмеймiн кенет...
Алдымнан шыға келесiң қашан...