20.09.2022
142
МЕН ДОНОРМЫН..
Жан сыздатқан, жазылмас жарам қанша?
Қыңқ демеймiн иттей боп таланғанша.
Көнем, төзем, шыдаймын – Жүрегiме
Ине сұғып, бес шөлмек қан алғанша.
Менiң қаным – қорегi сар масаның,
Олар, əне, қосуда санға санын.
Самолеттер секiлдi от саңғитын,
Ызың сеуiп келедi зəрлi сарын.
Мен оларды торситып тойындырам,
Сосын қайтпас сапарға мойын бұрам.
Масалардың өз тойы өздерiнде,
Алаңдатып жатпайды ойын бұған.
Мен қоңырмын. Донормын. Арызыма
қол қойылған. Адалмын парызыма.
Ауыр жаралы патриот секiлдiмiн:
Имек түтiк бойында – қан ұзына.
Сорады оны насостай қылқан инең.
Кетем, өтем осылай бұл фəниден.
Өмiрiмдi сыйладым кiмге, не үшiн?
Онда iсiм жоқ. Өйткенi донормын мен.