САҒЫНЫШТЫҢ САРЫ ЖҰРТЫ
Шылдырлап шашбауларың, теңгелерiң,
Басына жаулық тартқан жеңгелерiм.
Су тасып жүрсiңдер ме қос шелекпен,
Майысып тал шыбықтай желге белiң.
Иiлiп, тiзе бүгiп, сəлем етiп,
Маңынан үлкендердiң əрең өтiп.
Үзiлiп бет моншағың, жүрсiңдер ме,
Əр үйден, əр ауылдан Əдеп оқып.
Ат қойған “Еркем”, “Төрем”, “Ақылдым” деп,
Қалжыңбас қайындарың – алтын дiңгек.
Жарасып əзiлдерiң, жан сырларың,
Сендердей кiм бiздермен жақын жүрмек.
Жан қайда дəл сендердей бiзге жақын,
Жалғасып бiр күлкiмiз жүз болатын.
Балалық көңiлдер-ай, өздерiңдi
Көлденең көк аттыдан қызғанатын.
Күндер-ай, бар қызығын үйе салған:
Жүн түтiп, киiз басып, бие сауған.
Қайран да асыл менiң жеңгелерiм,
Сендерге қазағымның киесi ауған.
Қос өрiм, тiрсектi ұрған бұрымдарың,
Жалт етiп, ақ маралдай бұрылғаның.
Нəзiк үн, əдептi иба, əсем қимыл –
Паш етiп Ұят деген ұғым барын..
Кiсiге қарап көздiң қиығымен,
Сыр ұққан, ұяң мiнез, бұйығы рең.
Сендердей сезiмтал жан таба алам ба,
Аумаған сахараның киiгiнен.
Тартқандай күйеулерiң өздерiңе,
Баттиып бiр қарамай көздерiңе,
Алыстан ынтық болып жүретiнi-ай,
Iлiкпей сыншыл көздiң безбенiне.
Керiмсал кең жайлаудай жеңгелерiм,
Шылдырлап жүрмiсiңдер теңгелерiң.
Тағы бiр бие бауға барайықшы,
Ұлы той өткiзбекшi Жеңген елiм.