20.09.2022
139
![](/uploads/shorttexts/author_image/g-sman.jpg)
Ақын
Ақын жыр жаза алмады – айлар өттi.
Құзғындар ұмытпапты майда кектi.
Қапыда опық жеген өр Қыранның
Тағдыры Таудың ұлын қайран еттi.
Ақын жыр жаза алмады – жылдар өттi.
Ол Күнге ғашық едi – түн жар еттi.
Бұл дүние тыңдағандай кiмнiң зарын..
Əттең-ай, өңшең қырттың қылжағы өттi.