20.09.2022
142
ТҮН АРУЫ
Еңлiк гүлдiң
Мен жұқтырдым
Кеппеген көз жасын əлi.
Қара суық
Қанжар сұғып,
Қызыл қаны шашырады.
Түнде оянған
Гүлдей арман
Шексiздiкке асығады.
Кəрi ажалдың –
Қара жанның
Мойнына кеп асылады.
Жасты құшқан
Əккi дұшпан
Сұм пиғылын жасырады.
Ожар мыстан
Осал тұстан
Қулық ойын асырады.
Шарап iшкен,
Шала пiскен
Құмарын жеп масығады.
Көңiл жайлап,
Ышқыр байлап,
Үстiн тыр-тыр қасынады.
Қанды пышақ,
Зəрлi құшақ –
Көргенiнiң осы бəрi.
Түнде оянған
Гүлдей арман
Түнге барып қосылады..