20.09.2022
  100


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Уа-а-ай!

Уа-а-ай!
Халық қамын ойлаған,
Қызыл тiлi сайраған,
Сөзiн пұлдап, жақ жанып,
Азу тiсiн қайраған.
Қыстың қамын жаз ойлап,
Бес қаруын сайлаған,
Етiгiнiң табаны
Жалтыр мұзда таймаған.
Дүние, байлық жиғанмен,
Дүкенге қол жаймаған.
Шөбi шүйгiн, суы бал,
Отты жердi жайлаған.
Қысырақтың үйiрiн
Қысталаңнан айдаған.
Сары майдан үй салып,
Матап вагон байлаған.
Сабан ғұрлы ақшаны
Тең-теңiмен тайлаған.
Кiсiлiгi – мысықтай,
Тышқан көрсе, ойнаған.
Қызыл көрсе, қылмыңдап,
Екi көзi жайнаған.
Былай шыға, былқылдап,
Қызық қуып, тойлаған.
Маймен сылап қойғандай,
Бетiн көрсең айнадан.
Берешегi – айладан,
Алашағы – пайдадан.
Бөркiн киiп заманның,
Зынданына бойлаған,
Пай-пай, пай-пай, уайдайт-ай,
Сондай да бiр қайда адам?!.





Пікір жазу