meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.09.2022
  148


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Əдiлет дейтiн бетсiздi

Əдiлет дейтiн бетсiздi
Айтпашы маған, ағасы.
Беделi түскен бес тиын –
Мен үшiн оның бағасы.
Суынған көңiл бiрдей-дi
Суалған көлмен, шамасы.
Ескi Ай да есiркеген жоқ,
Жарылқар деймiсiң жаңасы.
Қадалды улы қанжар боп –
Жауыздың арсыз жаласы.
Қорғансыз жаным қорланды,
Жазылмас ендi жарасы.





Пікір жазу