20.09.2022
  235


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Уа, жас қайың, жас қайың!

Уа, жас қайың, жас қайың!
Мен бiр ұран тастайын
Ұлы айғайға үн қосып:
Құрайық бiз тездетiп
Жеменгерлер қоғамын,
Даңқ қуайық бiрлесiп!
Ау, аш құлын, аш құлын!
Жаныңда тұр қасқырың–
Қамқоршың сол ендiгi.
Оған алғыс айтпай көр:
Сенi жемей қайтпайды ол–
Барар жерiң белгiлi.
Ей, көк терек, көк терек!
Жапыраққа өкпелеп–
Тамырыңа балта шап.
Бүгiн сенiң кезегiң–
Қырық құлаш айдаһар
Қылғытпақшы алты асап.
Жапырақ-ау, жапырақ!
Ақ лақ сенi жемесе–
Мойнын созып несi бар..
...Мынау жалған дүниенiң
Екi жүздi екенiн
Ебiң барда есiңе ал.





Пікір жазу