20.09.2022
134
Түсiме таң алдында кiрдiң бүгiн.
Түсiме таң алдында кiрдiң бүгiн.
Күн жайып келе жатты күлгiн нұрын.
Жанымда балаларым жəне жарым,
Жұбатып жүр едiк бiз қырдың гүлiн.
Қалың шық жауып алған шылап қырды,
Мұңайып қырдың гүлi жылап тұрды.
Шоқтығын шолақ сайда бiр көтерiп,
“Шоқ-шоқ!..” деп, қыбы қанып құрақ күлдi.
Жарада – жанға батқан күйiк қиын,
Қызғалдақ келе жатқан жиып түйiн.
Сол гүлдiң жұлып кеттi бiр кiрпiгiн,
Жол тосқан қарақшыдай бүлiк құйын.
Күш қайтты. Күйреп тұрып Күн жеңiлдi.
Иреңдеп қара суық iргенi ұрды.
Япыр-ау, қайда ғана алып қашам,
Қорғансыз, бұл бейкүнə, гүл-көңiлдi?!
Түсiме таң алдында кiрдiң бүгiн.