20.09.2022
  129


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚҰМДАҒЫ НӨСЕР

Өзегiн өртеп жандыра
Құрығы сонша ұзын Күн,
Сыймай да тiлi аузына,
Аунақшып жатты қызыл құм.
Сусиды ор құм шұбалып,
Сусаған өңiр күй iздей.
Түтiнiн бұрқ-бұрқ шығарып,
Күнсидi құрым киiздей.
Талмап та талмап жұтады
Таңғы бiр шықтың жұғынын,
Сексеуiлдердiң бұтағы –
Мұйiздерiндей бұғының.
Бұлтқа да кенет жан бiтiп,
Құйып бiр кеттi көк нөсер.
Сусаған шөлiм, қал жұтып,
Жер де сел, көк те, көл де сел.
Өрттей бұл жалын өтiне
маңдайын тосқан құлшынып,
Көл-көсiр нөср бетiне
жүзiп те шықты тiршiлiк.





Пікір жазу