20.09.2022
  109


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ӨМIР ЖОЛЫ

Құрдымға сiңдi-ау жол мына,
Жасап ең қандай зор күнə.
Басталмай жатып, сапарың
Баянсыз тамам болды ма?
Сазарып аспан түнердi,
Мазақтап құйын күлер-дi.
Таңдаған жолың тұмсығын
Тұйыққа тiреп тұр ендi.
Меңiреу дала. Құр жым-жырт.
Ұзайды алға Күн жылжып.
Алақтап, дал боп сен тұрсың,
Үзiлiп кеттi-ау құрғыр жiп!
Кенеттен жолың кесiлдi,
Жан едiң неткен кесiрлi.
Жанбаған бағың, байғұсым,
Жия алмай тұрсаң есiңдi.
Төбеңнен ұшқан құстарға
Ілесе кетер күш бар ма?
Көзiңнен жебе ұзаттың,
Қараған жандай дұшпанға.
Алдыңнан қашып киiктер,
Арбайды алыс биiктер.
Өмiрдi ұққың келсе егер,
Өртiне оның күйiп көр.
Мертiккен жандай сынып қол,
Денеңдi жапты суық тер.
Өмiрдi ұққың келсе егер,
Торынан оның шығып көр.
Бақыттан əркiм үмiткер,
Талпынар арман-күлiктер.
Адаспай тапқың келсе оны,
Тұрағын болжап бiлiп көр.
Тұйыққа түстiң күтпеген,
Мақсатың қайда дiттеген?
Бақыт екен ғой шексiз жол –
Басталған, бiрақ бiтпеген.





Пікір жазу