20.09.2022
  136


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Баба далам, ана далам, əз далам....

Баба далам, ана далам, əз далам,
Мен өзiңе еркелеймiн, назданам.
Сен тұрмасаң жүрегiмнiң төрiнде,
Бұл дүниенiң бар бақыты аз маған.
Көркем далам, көктем далам, жаз далам,
Мен өзiңнiң бiр шырағың маздаған.
Сенi көрiп, серi болып кетемiн,
Сəбиiңдей шаттанамын, мəз болам.
Ойлы далам, тойлы далам, паң далам,
Өрлiгiңе, кеңдiгiңе таңданам.
Сенсiз жерде кең дүние тар маған,
Мəрт қалпыңда жасай бершi мəңгi аман!





Пікір жазу