20.09.2022
  157


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Жайлау

Жайлау. Жалқын кеш.
Көкжиек. Алтын көш.
Кере қарыс маңдайы
Кең дүниенi жарық қып,
Көкжиекке жантайып
Жатыр аспан жарықтық.
Жабағы бұлт, мамық бұлт,
Арық бұлт пен алып бұлт –
Бөлек-бөлек үюлi
Қойдың ұлпа жүнiндей
Немесе бiр жиюлы
Көк қызының жүгiндей.
Сеңгiр тауға сүйкенiп,
Қол-аяғы ұзарып,
Бiрiн-бiрi итерiп,
Бiрiн-бiрi ыза ғып,
Көлеңкелер ойнайды.
Жолай тезек-қи терiп
Шыққан қойдың алдынан
Келiншекке итi ерiп,
“Қоян-соян қаңғыған
Кездессе...” деп ойлайды.
Көкжиектен асқан Күн
Көлге сүңгiп барады.
Сарғалдағы аспанның
Самсап қауыз жарады.
Аспан асты – сары ала
Жарқыраған самала.
Төбе сайын сан оба,
Сақшыдайын сақ о да.
Алтын жалды айғырдың
Айдап салған үйiрi,
Əр ауылдың, əр үйдiң
Түнеп қалған сиыры

Лағып сала
-салада.
Қымызы мен iркiтiн
Күрпiлдеткен сабада,
Сай бассайын бiр түтiн

Бұлақ құяр сағада.
Орман
– баулар, қорған
– таулар,
Толған аңғар– ордалы аңдар.
Мұз бен қар бар шыңдар заңғар–
Игi мұрат, iзгi армандар.
Құздардан да озған жолдар–
Қиындыққа созған қолдар.
Қорасының шетiне
Жапырақ емес, жабағы өскен,
Iргесiнен самал ескен,
Iшi толы асыл бұйым,
Дала– есiгi ашулы ұйiң.
Шаңырақ– аспан,
Сұрауы жоқ қанша жақсаң,
Жұлдыз– ақ шам.
Жайлау. Жалқын кеш.
Өрiс пен ауыл арасы–
Ақ керуен, алтын көш.
Жайылымнан ақшамда
Қоналқыға қой келiп,
Мəз-мейрам боп жатқандай
Ауыл сайын той болып.
Тұла бойын гүл жапқан,
Əн əлдилеп, жыр баққан,
Сырбаздық пен мөлдiрлiк
Сырлы сазбен үн қатқан,
Туысыңдай бауырмал,
Сезiмтал, сергек, серi-сал,
Ер көңiлдi елiм екен ғой бұл!
Тастарынан май аққан,
Бұлттары садақ-жай атқан,
Қарағашы темiрдей,
Топырағы көмiрдей,
Табиғаттың жас шағы
Секiлдi жерiм екен ғой бұл!





Пікір жазу