20.09.2022
126
ҚЫСЫЛМАЙТЫН СƏУЛЕЛЕР
Қырға шықты жас жiгiт атқа мiнiп,
Алдан сырғып ақ сағым – аққан үмiт.
Қызыл гүлдер қыр үстiн қымтай орап,
Қия беттен жалқын нұр жатты ағылып.
Арындатып ақшамда баран атты,
Қызулы жас қыр асып бара жатты.
Қиян шетте қыран құс ақ сəуледей,
Қоңыр таудың төбесiн жанап ақты.
Қырға шықты бiр ару жаяулатып,
Күңгiрт тартты күрең Күн, баяу батып.
Көрер емес, əттең-ай, жiгiт мұны,
Алыстап бiр кеткендей таяу бақыт.
Бұрын-соңды еш қызға килiкпеген
Бұла жiгiт бұлқынған жүйрiкпенен
Өте шықты тұсынан тұл арудың –
Тумысында еркекке илiкпеген.
Қараңғылық көзге де тосылды айқын,
Өтер бастан əлi сан осындай түн.
Бұл дүниеде аз емес жарық жұлдыз
Ғұмыр бақи сəулесi қосылмайтын.