20.09.2022
147
Бағышталып өзіңе бар ән бүгін...
Бағышталып өзіңе бар ән бүгін,
Қанатында құстардың таралды үнім.
Қай тарапта жүрсең де ғұмыр кешіп
Айым, сенің керек қой амандығың.
Арзандатса шанақтан күй бағасын,
Айтылады сәтінде сыйға да сын.
Ең бақытты кезіңді есіңе алып
Бұл күндері күрсініп, қиналасың.
Торығудың торына толды кешім,
Шырағдандай үмітім сөнді ме шын?!
Көз алдымда жарқырап ыстық бейне
Көкіректе қап қойды сол бір есім.
Қалайынша қалады көмбеде мұң,
(Жалғандықты жаныма өң көремін).
Сен деп бітер мендегі ақырғы дем,
Саған арнап жазылар соңғы өлеңім.
(Бұл өлең де ақынның өз қолтаңбасынан алынды)