19.09.2022
94
Көргенiмнен көрмегенiм көп менiң...
Көргенiмнен көрмегенiм көп менiң,
Ертеңiме бiр ескерту – өткенiм.
Түкке алғысыз – тындырдым деп кеткенiм,
Қайран уақыт өтiп жатыр теп-тегiн.
Өткен күнiм – бүгiн, бейне, балалық,
Жеткен күнiм – айтады ақыл ағалық.
Қара шашым түзетумен қатемдi
Өтер ме екен ағарып!
Өмiр жолы – ойқы-шойқы, бұралаң,
Ерлiк екен – құтылу да күнəдан.
Өлiп-өшiп өзiм сүйген кей қыздың
Менi елемей кеткенiне қуанам.
Менi өзiңе жарық жұлдыз етiп ең,
Кейiмешi, күнəсiз жан, өтiнем.
Өз қасыңнан көздi жұмып өтiп ем..
Бейқам, бейпiл күндерiме өкiнем.