19.09.2022
78
![](/uploads/shorttexts/author_image/g-sman.jpg)
Кейде
Мұндайға да кездесесiң кейде сен:
Кейбiреуге адамша бiр сөйлесең –
Дал боласың тiлдескендей есекпен.
Бас iшiнде бермеген соң ақыл шаң,
Бiр пақырға есек болып бақырсаң –
Ит қуғандай атқылайды кесекпен.
Ал ендi сен арыстан боп ақырсаң,
Жанды жерге тырнағыңды батырсаң –
Бас иедi, қарғып тұрып төсектен.
Жандар барда жаңылмайтын есептен –
Алас ұрып, ауырғандай шешекпен,
Ауа жетпей, қысылады қос өкпең...